Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте миллионыншы тұрғынға пәтер берілді

Шымкентте миллионыншы тұрғынға пәтер берілді

Шымкент қаласының миллионыншы тұрғыны анықталды. Ол – Айсұлу Еламанова атты сәби. 17 мамырда дүниеге келген оның отбасына шаһардағы көпқабатты үйлердің бірінен 2 бөлмелі баспана тарту етілді. Айсұлудың әкесі қаладағы жүйке аурулары ауруханасында жұмыс жасайды. Ал анасы банк қызметкері. Жас отбасы осы уақытқа дейін ата-аналарымен бірге тұрып келген. Енді кішкентай бүлдіршіннің арқасында пәтерге ие болып отыр. Шымшаһардың миллионыншы тұрғынын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі де арнайы құттықтады. Самат Еламанов, қала тұрғыны: - Міне, қаламыз үшінші мегаполис болып жатыр. Ал қызымыз бүгін миллионыншы. Қуанышымыз шексіз. Рақмет! Айжан Ахайбекова, қала тұрғыны: - Қызымыздың аты-жөнін, салмағын сұраған кезде мен басында сенген жоқпын. Жай шығар деп ойладым. Кейін тағы хабарласты. «Құжаттарыңызды жібересіздер ме» дегенде түсінбей қалдым. «Қалай сонда, қызым миллионыншы бола ма?» деп. Енді кеше келді, айтты. Миллионыншы деп құттықтады. Алғысым шексіз.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 959 0