Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Анасының қасында бала неге жылай береді?

Анасының қасында бала неге жылай береді?

Кішкентай бала үшін, ата-анасы жақын адамдар ғана емес, олар – бүкіл әлем. Алайда көптеген отбасында бала басқасының қасында өзін жақсы ұстағанымен, анасымен қалса, көп жылап, еркелеп, адамның есін шығарады. Баланың мұндай мінез-құлқы, әрине, ересек адамдарға ұнай бермейді. Оның бұлай еркелуіне анасы кінәлі ме? №1 себеп. Ата-анаға деген сенім Бұл жерде баланың еркелігіне ата-анасы кінәлі емес. Себебі, оған қатал болсаң да, оны тым еркелетсең де, ол анасының қасында өзін осылай ұстайды. Себебі әр бала өзін және өзі қатты жақсы көретін адамдардың қасында еркінсіп кетеді. Яғни, өзінің сенетін адамдарына ғана өзінің еркелігін көрсете алады. Сондықтан ол үшін анасының қасында жылай беруі – қалыпты жағдай. Ол анасына сенеді, сол үшін өзінің іс-әрекеттерін басқа адамдардың қасындағыдай бақыламайды. №2 себеп. Ересектерге еліктеу 6 жасқа дейінгі кішкентай бала ересек адамдардың айтқаны мен істегенін қайталағанды жақсы көреді. Сол себепті ол әкесі сияқты компьютерде жұмыс істегісі келеді, анасы сияқты ас бөлмеде тамақ пісіруге араласқысы келеді. Бұл бала дамуындағы қалыпты мехнизмдер. Сол сияқты ол үйде анасы жоқ кезде, әжесімен отырғанда әжесіне еліктеп, соның іс-қимылын бағып жүрсе, анасы келгенде көз алдындағы адам басқа болғандықтан, ол санадан тыс ол адамға ауыса қойған жоқ. Соның әсерінен де бала анасы келген кезде біраз еліруі мүмкін. Сол үшін балаға ренжудің орнына, оның қылықтарына мән бермеуді үйренулері қажет. Себебі, анасы күні бойы үйде болмаған кезде, бұл қалыпты жағдай болып табылады. №3 себеп. Анасы өзін дұрыс ұстай алмайды Баланың көңіл-күйі өзгеріп, қылықтары төзімсіз бола бастағанда, ең бірінші анасы өзін кінәлі санай бастайды. Мұндай жағдайда әжесі немесе жақын туыстары да отқа май құятыны жасырын емес. «Жаңа ғана жап-жақсы отырған, сен келіп едің, есіре бастады» деген сөзді жиі естиміз. Сіз үйге келген кезде, балаңыз сөз ұқпайтын балаға айналса, онда сәл ары барып, баланың өз-өзіне келуін күтіңіз. Әдетте бала өздігінен тынышталады. Егер балаңыз тынышталмай жатса, онда қасына барып: «Не болды? Сен мені қатты сағынғаныңды байқадым» деп ақырын ғана айтуыңыз керек. Сіздің сабырмен сөйлеген дауысыңыз оған да өз әсерін тигізбей қоймас. №4 себеп. Отбасындағы қарым-қатынас Баланың іс-әрекетіне қатты мән бергеннен гөрі, кей кезде отбасындағы кейбір ережелерді нақтылап алған жөн. Мысалы, баланы анасының қолына берген кезде, қасында ұзақ тұрмай, бірден кетіп қалған жөн. Баланың үйдегі әрбір адаммен белгілі бір қарым-қатынасы болатыны сөзсіз. Бұл жерде атасы, әжесі, күтушісі, ағасы, әпкесі туралы сөз болып отыр. Тіпті, егер бөлек тұрса, әкесін де қосып қойған дұрыс. Олармен бала анасы сияқты емес, мүлдем басқа қарым-қатынаста болады. Әрқайсысымен бала өзін әртүрлі ұстайды. Себебі, әр адамның бала қайталайтын өз реакциясы, өз эмоциясы бар. Басқа адамдармен араласу балаға зиянын тигізе қоймас. Сол себепті, анасы қызғанып, ашуланып, өзінің талаптарын қоймағаны дұрыс. Анасының мұндай әрекеті үлкендерді де, баланы да шаршатып жібереді. Егер анасы әжесінің тәрбиесін ұнатпаса, онда баланың көзінше бұл туралы айтудың қажеті жоқ. Екі түрлі көзқарас пен олардың өзара келісімге келе алмауы балаға теріс әсер етуі мүмкін.

Massaget.kz
18 шілде 2018 ж. 2 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031