ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН САБАҚТАҒАН
Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан соңыңнан өшпестей із қалдырып, жақсы атақпен өмір сүрудің өзі бір ғанибет. қырық жылын ұстаздық қызметке арнап, құрметпен еңбек демалысына шығып, енді бүгінгі өмірлерін «Арман- Асыл аналар» деп аталатын ансамбльде өнермен өріп жүрген ақ жаулықты аналарымыз өнегелі іс бастаған жандар.
Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұзылмайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп айқын да түсінікті міндеттер қойғаны белгілі. Жаһандану дәуірінде жұтылып кетпеу үшін біз ұлттық дәстүрімізді, тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақы рухымызды жаңғыртуымыз керек делінген. Міне, осы тұста ұлттық өнерді ұлықтап, тарихымызды түгендейтін, халықтың рухын оятатын халық әндерін орындап, жастарға үлгі болып жүрген «Арман» мәдениет үйі жанынан құрылған «Арман – асыл аналар» ансамблі бүгінде ұмыт бола бастаған әндерді насихаттап келеді. Негізгі репертуарлары халық әндері. Аналар ата-бабалардан мұра болып жеткен әндердің әуендері мен сөздерінің таза қалпында айтылуына баса назар аударады. Жуырда Алматы қаласында ата-әжелер арасында өткен «Өнерлі елдің өресі биік» атты Республикалық өнер байқауында «Арман – асыл аналар» ансамблі хормен ән салу номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп қайтты. Үйдегі жұмыстары, немере бағу сияқты тіршіліктері бола тұра біркелкі киім тіктіріп, дайындыққа бір мезгілде келіп, әрқайсысы өз ұсыныстарын айтып, өлең жазатындары сөздерін әнге қосып қызу ортада жүретіндіктері мемлекеттен қаржы алып жүрген талай мәдениет қызметкеріне үлгі боларлық іс. Бүгінде бергендерінен берері көп «Арман – асыл аналар» ансамблінің мүшелері тынбай еңбектенуде. Оларға алар асуларыңыз, шығар шыңдарың биік болсын демекпіз.
А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.