Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңаратын, жаңғыратын сәт туды

Жаңаратын, жаңғыратын сәт туды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұзылмайтын екі ережені түсініп, байыбы­на барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп айқын да түсінікті міндеттер қойғаны белгілі. Жаһандану дәуірінде жұтылып кетпеу үшін біз ұлттық дәстүрімізді, тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақы рухымызды жаңғыртуымыз керек. Қарап отырсақ, ата-бабаларымыздың ауызекі айтып кеткен өсиеттері мен мақал-мәтелдері тұнып тұрған тәрбие. Соның ішінде ырым-тыйымдарға да назар аудару керек.
Әрбір адам баласы дүние есігін ашқаннан бұл пәниден көшкенге дейін, өміріне мағына беру үшін түрлі салттар мен ырым-тыйымдарға мән береді. Бір ғана баланың дүниеге келуінде көптеген салттар мен жөн-жоралғылар бар. Тіпті, әдеп-ғұрыптар бала дүниеге келмей тұрып басталады. Мәселен, құрсақ той, жарыс қазан ырымы жасалады. Аяғы ауыр кезде келіншектің лас жерді баспауын, басынан орамал түспеуін қадағалайды. Сәби зерделі де зерек болсын деп анасының жерігін басуға тырысады. Сыртқы күштердің әсерінен қорғау үшін тұмар, көз моншақ, түйреуіш тағады.
Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясының темірқазығына айналған ел болу үшін тек қана жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, рухани жағынан үнемі жетіліп, дамып отыруға тиіспіз. Осы орайда, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты.
Ендеше, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін» деген Елбасының сенімін жігерімізбен қуаттап, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ұлттың жүгін бірге көтеруге атсалысайық. Жаңаратын, жаңғыратын сәт туды.


Айнұр НАЗАРОВА.
17 қазан 2018 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930