Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫРТҚА САНЫ ТӘУЛІГІНЕ 20 МЫҢ ДАНАҒА ЖЕТТІ

ЖҰМЫРТҚА САНЫ ТӘУЛІГІНЕ 20 МЫҢ ДАНАҒА ЖЕТТІ

Осыдан үш жыл бұрын құны 165 млн. теңге түратын «Мөлдір и К» толық серіктестігінің құс шаруашылығын дамыту мақсатындағы ферма іске қосылған болатын. Одан соң өңірлік инвестиция арқылы 10 млн. теңге қаражат алынып, құс фермасына қажетті құрал-жабдықтар арнайы Қытай елінен алдырылған. Өндіріс орны ашылған сәттен бастап 11 мың бас тауықтан тәулігіне 10 мың дана жұмыртқа өндіріп келді. Айта кету керек, құс фермасының өндірген өнімінің арқасында аудандағы және облыс көлеміндегі жұмыртқа бағасы төмендеді.Санаулы жылдардың ішінде шаруашылықтың өндіріс көлемі артып, сатылап дамып келеді. Мәселен, 2017 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысынан тағы 12 мың бас балапан әкелінді. Көп ұзамайқұс фермасын кеңейту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктен 33 млн. 500 мың теңге қосымша қаражат алынып, құс фермасының 2-ші цехы іске қосылды.
Бүгінгі күні, құс фермасында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне өндірілетін жұмыртқа саны 20 мың данаға артқан. Кәсіпорында алдағы уақытта ет бағытындағы құс өсіруді жолға қойып, жылына 65 тонна құс еті өндірілетін болады деп жоспарлануда.

«Өскен өңір» ақпарат.
23 сәуір 2019 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930