Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ



Бүгін Шиелі ауданында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бекіткен іс - шарасына сәйкес аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен велошеру өтті. Аталған шараға 200-ден астам аудан жастары қатысты. Велошеру Гигант ауылдық округінің мәдениет үйінің алдынан басталып, аудандық М.Шоқай орталықалаңына дейін жалғасты.
Велошерудің салтанатты ашылуымен аудан әкімі Әшім Оразбекұлы спортшыларды құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Айта кетейік, спорттық шеруге мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, спортшылар мен мектеп жасындағы балалар да бар. Бүгінгі велошерудің мақсаты: Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын арттыру.
Шиелі Ауданы Әкімдігі ФБ парақшасы
07 сәуір 2019 ж. 1 082 0