Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер жаңарып, дәстүр жаңғырды

Жер жаңарып, дәстүр жаңғырды


Наурыз – қазақы болмысымызды танып, ұлттық ұстанымызды ұлықтайтын мереке. Бұл мақсатта Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округінде жыл сайын бірқатар байыпты істерді жүзеге асырып келеді.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Қазақ әуел бастан Наурыз мере-кесіне ерекше даярланған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Наурыз — мезгілдің, жылдың жаңаратын уақыты ғана емес, адамның да жандүниесін тазартатын, не тындырдым деп өткен жылға қайырыла қарайтын тұс.
Наурыз мерекесіне орай аудан басшысы Әшім Оразбекұлы Бидайкөл ауылына атбасын бұрды. Бидайкөл ауылы ардагерлерімен бірге М.Шоқай көшесінен бой көтерген саябаққа жеміс ағашын отырғызды. Атап айтқанда, 80 түп шырша ағашы, 150 түп әр түрлі жеміс ағаштары және 4 түп жылауық ағашы егілді. Күннен күнге гүлденіп келе жатқан ауыл саябағына наурыз мерекесі ерекше үміт сыйлағандай болды. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру екенін тағы бір рет дәлелдей түсті. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады. Бұл – ауыл болып, қолға алынып жатқан шара. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылдың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды» демекші, отырғызған жасыл желектеріміз тез жерсініп, балғындарымыз мақтанышпен айта жүріп, саясында емін-еркін асыр салып ойнауы біз үшін үлкен қуаныш деп ел ағалары бір-біріне ілтипатын жеткізді.
Содан кейін, Бидайкөл ауылдық мәдениет үйінің екінші қабатынан арнайы бір бөлмені жабдықтаған «Ай Ару» шаштаразының ашылуымен жалғасты. «Кәсібіне қарай-нәсібі» демекші, бүгінде өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіп ашып, ісін дөңгелентіп отырғандар саны күннен – күнге артып келеді. Аудан басшыларының қолдауымен жас кәсіпкерлердің саны жылдан жылға ұлғайып, өзге жастарға бүгінде үлгі болуда. Сол жандардың қатарында жас кәсіпкер Әсел Жұматаева да бар. «Адамды көркейтетін-еңбек» дегенді алға тартатын Әсел Бабабекқызы аянбай еңбек етіп, тұрмысымда берекелі етуде жұмыстар атқара беретінін алға тартты. Мемлекеттің қолдауымен бүгінде осындай жетістікке жетіп отырған жастар саны артып келеді.
Осылайша, Гигант ауылдық округі жұртшылығы Ұлыстың ұлы мерекесін ұлықтайтын ауқымды шарада домбыраның қос шанағынан күй төгілтіп, асқақ әнді әуелеткен бөріктілер мен наздана күліп, бұрала басқан көріктілердің билері жанарларды жаулады. Ауылдық мәдениет үйінің алдына жағалай тігілген қазақтың киіз үйлерімен шатырлары қаздай тізіліп, алтыбақан ойындары ойнатыла отырып, киіз үйдің ішінде ауылдың алты ауызы айтылды. Шара барысында ұлттық спорт түрлері қазақша күрес, арқан тарту ойындарымен жалғасын тапты.

Ж.Қауғанбаева.
27 наурыз 2019 ж. 1 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930