Наурызым – Нұрлы мерекем
Ауданның түкпір-түкпірінде Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды қарсы алып, атап өту шаралары басталып та кетті. Сондай маңызды, мағыналы шара Арман мәдениет үйінде 19 наурыз күні «Наурызым – нұрлы мерекем» тақырыбында ұйымдастырылды.
Көкшоқы елді мекеніндегі Арман мәдениет үйінің алаңын Ұлыстың ұлы күніне орай ерекше әсемдеп, көркемдеп наурыздың нышандарын келтіріп рәсімдеген. Татулығы жарасқан ұжым алаңға бірлік пен достықтың жеңбейтін қиындығы жоғын той тойлау арқылы паш ете білді. Шараның ашылуын 80 жылдық тарихы бар аудан айнасы «Өскен өңір» газетінің жарыққа шыққан күні, яғни, 19 наурыз күнімен сабақтастыра отырып, қос тойың қабат келсін деген тәмсіл арқылы барша халықты Ұлыстың ұлы күнін тойлауға шақырған арнайы сахналық қойылым арқылы Наурыз-думанның көркін қыздырды. Мерекелік кешке кент ардагерлері, көпбалалы аналар, аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі қызметкерлері, аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы Ө.Исмаил, Шиелі ауданының құрметті азаматы Н.Палымбет қатысты. Мерекелік шараның қызығын арттырған әсем ән мен «Сырлы саз» фольклорлық ансамбілінің орындауындағы күйлері қонақтарды ерекше әсерге қалдырды. Өнерпаздардың орындаған әндеріне тәнті болмаған көрермен жоқ. Әсіресе, «Арман аналар ансамблінің» орындауындағы халық әндеріне көпшілік риза болды. Ал, ұлттық спорттық ойындары думанды қауымның қанын қыздырып, бәйгені көрікті етті. Спортқа жаны құмар жастар қауымы қол күрес, гір тасын көтеруден сайысқа түсті. Мерекелік шараның соңы арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татумен аяқталды.
Айнұр НАЗАРОВА.