Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ою-өрнек тәрбиенің қайнар көзі

Ою-өрнек тәрбиенің қайнар көзі



Қазақ халқының ежелгі өнерінің бір түрі – ою-өрнек. Ғалымдардың зерттеуінше, ұлтымыздың бұл өнері І-ІV ғасырда дамыған. Алғашқыда тасқа, ағашқа, сүйекке салынған таңба, белгілер уақыт өте келе бұйымдарға түсіріле бастаған. Ұлтымыздың қолөнер туындысы зергерлік, ісмерлік, шеберлік және халықтық түрге бөлінген. Ою-өрнектің топтасуы өсімдік тектес және мал денесі мен ізіне байланысты. Қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, түйе ою, жылқы ою, киік ою, қос мүйіз оюлар – космогендік ою-өрнекке жатады. Ай, күн, жұлдыз, жарты ай, кемпірқосақ тәрізді ою-өрнектер – көк әлеміне, сонымен қатар дөңгелек, ромб, сүйір, шеңбер ою-өрнек – геометриялық түріне сай келеді. Жапырақ, бүршік, гүл, су, құс қанаты, құс тұмсық, қаз мойын сияқты ою-өрнектерді Табиғат-Ана тудырған. Мысалы, «қошқар мүйізді» ұлттық бұйымдарды өрнектеуге қолданады. Өйткені, қазақтың қоңыр тіршілігі қашан да мал шаруашылығымен өзектес. «Құс қанаты» құстар әлемінен хабар береді. Оны көбіне киіз үйдің ішкі бауы мен тұскиізді өрнектегенде пайдаланады. Бүгінде айтулы өрнекті қыз жасауының махаббат көрпесіне де жапсырып жүр. Ол – еркіндіктің, арманның белгісіндей. Ою-өрнекте түстердің де айтарлықтай маңызы бар. Ақ түс – адалдықты, қызыл түс – шапағатты, көгілдір түс – бейбітшілікті айқындаса, көк түс – молшылық пен ырыс-несібені айшықтайды. Ою-өрнекте адам мен табиғат арасындағы тылсым мен ұлы сезімді жалғаса, ертеде ұзатылған қыздарына аналары кестелі орамалға ою-өрнек салып, сыр бөліскен. Қазақ халқының ою-өрнегі эстетикалық талғам мен тәрбиенің қайнар көзі
syr-media.kz
09 желтоқсан 2018 ж. 4 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930