Тірідей сойылған қазақтың қасіреті
Өрікті көл оқиғасы. 1912 -жылы Алтайды ата- мекен көне баба жеріміз деп, мекендеп жатқан Керей қазақтарына мәңгілік қасыретты оқиға туылды. Адамды ата салу, аса салу, ұрып өлтіру,әр түрлі тәсілмен зорлап өлтіру бер жағы екен. Адамды етінен тірідей терісін сыпырып тұлып жасап, іреп сойып өлтіру оқиғасы туылды. Жа Лам Дамбийжанцан Моңғол елінің сол кездегі билеушісі Боғдыханнаа (дын басы тегі тибеттік) Моңғоляның ең батыс аймақтарын реттеуші, арнайы өкіл рұқсатын алған Дамбийжансан (жендет) Алтай тауларына келіп сондағы мекендеп жатқан Қобда бетіндегі қазақтарды шекарадан ұзаққа, яғни моңғолдың ішіне қарай көшіріп апарсақ, бұл қазақтарды билеуге де қолайлы, болып ойыңа келгенді істеуге де таптырмас орай деп ойлайды. Моңғолды билеген дін басшыларына қазақтар шекараның арғы, бергі жағынада көшіп қонып еркін жүр, кейбір ауылдары сол кездегі қытайды билеген чиң патшалығынан шен- шекпен алған ел билеушілеріде бар, сондықтан кей қазақты ішкері көшірсек, қытай жағынан қауіп жоқ дейді. Қазақтарды билеуге де қолайлы деп сендіреді. Кейін мылтық, сайман көмегін алып бес жүз әскерімен қазақ ауылдарын бірінен кейін бірін басып алып, топтастырып Дорвод далайханың дамби өлеттің хошунына (елді-мекен) қарай зорлықпен көшіріп айдай бастайды. Қазақ керейлері қашанда еркіндікті аңсаған, өз дегені болмаса өзгеге жөп- жөкім бас иген бе? Кейбірі қарсыласамыз деп тұяғы қалмай қырылып жатты, олар қарсыласқан сайын тісін батыра түсті. Сол кездегі моңғол қазақтарынан ел билеген билердің бірі шеруші руының Қылаң бастаған топ айдауға өз еріктерімен қосылады. Алайда Дамбийжансынға сол қазақтардың қарсыласы қатты соққы болды. Бес жүз әскермен шайқасып, үш жүзі ғана қалды. Кейін ол айуандық әрекетке көше бастайды. Қарсыласқан адамды қойып, малына дейін қырыңдар, аямаңдар- деген тапсырма береді.
Сонымен Дамбижансының бір топ әскері Қарақас рулы Ақынбектің ауылында көшіре бастайды. Жастарын аямады ұрып- соғып кемпір шалдарды да тез жүрмедің деп таяқтың астына алады, міне соны көріп қатты қорланған Ақынбек қолына 12 таспа қамшысын алып әскерлерге қарсы ұмтылады, олар қамшымен бұның қолынан не келеді -деп таяп келген 4 әскерді ап- сәтте- ақ қамшымен бір-бір ұрып сеспей қатырады, қанышер әскерлер кірпіктерінде қозғай алмай жан тәсіл етеді. Қалған әскерлер естерін тез жыиып алыстан шалма лақтырып ұстамақ болғанда қолынан қамшысын тыстамаған Рыс тағыда арпалысып жүріп 2 әскерді ұрып өлтірді. Сол кезде топ басшысы Ақынбекті аяғынан атып есеңгіретіп барып, топ әскер қаумалап жүріп ұстап байлады.
Бұл хабарды естісімен Дамбийжанцан қарсыласқан жігітті ауылының алдында тірідей терісін сыпырыңдар-деп бұйырады. Біраздан қазақтың арыстандай азаматы қолындағы қамшысын қасарсып қысқан қалпы тұлып боп етінен терісі тірідей айырылып, сыпырылады. Енді қарсыласқандарыңды осылайша соя берем деп елді қорқытып айдау үшін теріні адамша кептіріп тұлып жасап, босағасына іліп қояды.
Суретте: Жа Лам Дамбийжанцан