Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

ШАПАН



Шапан – қазақтың ежелгі әрі кәделі киімі. Ол – арасына жүн немесе мақта салынып, сыртын шұға, барқыт сияқты әдемі әрі мықты матамен қапталып, ішін астарлап тігетін жылы киім. Шапан тік немесе қайырма жағалы болады. Жағасы, өңірі, жеңі әсем ұлттық өрнектермен безендіріліп тігіледі. Әдемі болуы үшін кейде жиегіне бағалы аң терілерінен, басқа қымбат матадан зер, бұлық немесе жұрын салынады. Шанаға түйме, әйелдердікіне ілмек, қапсырма қадайды немесе сыртынан белбеу буынады. Шапан үлгісіне қарай қаптал шапан, сырмалы шапан, қималы шапан болады.
Қыпшақтардың тас мүсіндерінде (IX-XIV ғасырларда) оның бейнесі кездеседі. Оны ерлер де, әйелдер де киген. Шапанды жұмсақ теріден ғана емес, әкелінген жібек, жүн матасынан және мақта-мата кездемесінен де тіккен. Орыс әдеби көздерінде шапанды жиі кафтан деп атайды. Әдемі шапандарды Петербургта қазақ ақсүйектерінің үлкен тобын түсірген А.И. Шпаковскийдің фотосуреттерінде көруге болады. Олардың ішінде – композитор ретінде танымал Дәулеткерей Шығаев, Есет Көтібаров, Махмуд Жантурин кездеседі. Тамбурлап тігілген қымбат матадан жасалған шапандар суретшілер А. Е.Мартынов және Е.Корнеевпен натурадан салынған. Қызыл шұғадан тігілген шапан бейнеленген суретші Бабиковтың суреті көпке танымал. Кейін оны суретшілер К.Ф. Гун және Груссо көшіріп салды. Бұл шапан тамбурлап тігілген. Тігудің негізгі сарыны – ақ-қара сызықтармен көмкерілген және қатарлап орналасқан шоғырланған дөңгелек бойтұмарлар. Әрбір дөңгелектің ішінде (күншуақ белгісінде) ақ жібекпен жұлдыз тігілген, ал шеңбер айналасындағы жолақта – айқара ашылған алақанның бес бейнесі және қойдың төрт жұп мүйізі бейнеленген. Бойтұмарлар арасында ағаштардың бұтағы, гүлдің қауызы, кішкене шырша тігілген. Т. Аткинсон қазақ өміріне байланысты көптеген деректі фильмдер жасаған. 19 ғасырдағы қаза ақсүйектерінің салтанатты киімін ол былай бейнелейді: «Менің қожам қара барқыттан жасалған шапан киген, басында әдемі кестемен тігілген бөрік, ал аяғында биік өкше қызыл былғарыдан жасалған етік. Оның әйелі сары, қызыл және жасыл түстермен әшекейленген жібек шапан киген, осы киім сәнді де салтанатты көрінді... сұлтан басына қалың жібектен тігіліп, күміспен әшекейленген бас киімін киген (тақия)». Ол қызыл күрең түсті жібек шапан киіп, аяғында биік өкше қызыл-қоңыр былғарыдан жасалған етік. Әйелінде кафнадан жасалған қара шапан, ақ бас киім, жоғарыға ұшталған беліне дейін келетін, шеттері әшекейленіп жібекпен тігілген бірнеше лента. Ең әдемі шапандарды әйгілі қазақ ақындары, «сал» - ел кезіп жүрген ақындар мен сазгерлер киген. 1846 жылы шығыстанушы Услар Көкшетауда халық мерекесінің қатысушылар - көп ақындарды кездестіреді. Услардың айтуынша, «олар өте жақсы киінген және «сал» - кербез атағына иеленген. Өздерінің шапанында жақсы көретін түсі – қызыл (немесе қызыл күрең) немесе ашық жасыл. Жалпы, олар өжет кербездер, дала арыстандары, және олардың ойлауынша осы қарапайым киімнен басқа, шапандар мен түрлі түсті жібекпен тігілген күдері шалбарларды ұнатады. Онда ұсақ өсімдіктер мен құстар кестелеп салынады»...
Нурлан Ташим-Теги фейсбук парақшасынан.
21 маусым 2018 ж. 7 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930