Есірткіге қарсы күрес – ол өзіңе, өз армандарыңа деген құрмет
Біз, бүгінгі ұрпақ, ертеңгі елдің тірегі, мемлекеттің болашағы боламыз. Ал болашағымыз қандай болатыны – тек өз қолымызда! Қазіргі таңда әлемде есірткі, нашақорлық деген сұмдық дерт жайылып, қоғамды жегідей жеп келеді. Бірақ біз мұнымен келісуге болмайтынын түсінеміз! Біз бұл жолды таңдамаймыз! Біз бұл сұмдықтың құрбаны болмаймыз! Себебі, біздің өміріміз – біздің қолымызда!
Нашақорлық – бұл тек адамның денсаулығына емес, ең алдымен оның болашағына, арман-мақсаттарына кесірін тигізетін жау. Әрбір уыстағы есірткі адамның ақыл-ойын тұмандатып, өмірге деген көзқарасын өзгертіп, адами құндылықтарды аяққа таптайды. Біз бұл сұмдыққа қарсы тұрып, өз болашағымызды қорғауға міндеттіміз! Әрбір таңдауымыз маңызды. Өйткені біз болашаққа таза санамен, жарқын көзқараспен қадам басуымыз керек!
Әрқайсымыздың жүрегімізде үлкен арман мен мақсат бар. Біз тек денсаулықты сақтап қана қоймай, бақытты өмір сүруге, қоғамға пайдалы азамат болуға ұмтылуымыз керек. Бұл жолда есірткі тек кедергі болмақ, оның құрбаны болу – біздің болашағымызды тұншықтыру, өз жолымызды шатастыру деген сөз. Біз осындай қатерлі жолдан аулақ болуға тиіспіз!
Достар, біз – күшті ұрпақпыз! Бізге елдің ертеңі сеніп тапсырылған! Біз спортпен шұғылданып, білім алып, өзіміздің мүмкіндіктерімізді ашып, шығармашылықпен өркендейміз! Біздің өміріміздің мәні – әрбір таңымызда жаңа жетістіктерге ұмтылып, болашаққа сеніммен қадам басу. Ал есірткі, нашақорлық – бұл бізді тек артқа тартатын теріс күш. Ол тек жеңіліс, құлдырау әкеледі.
Біз өзімізді құрметтеп, біздің болашағымызды құрметтеуіміз қажет. Бізді қоршаған әлем – біздің қолымызда. Сондықтан, біз барлық күшімізді біріктіріп, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізуіміз керек! Таза өмірдің қуаты мен бақытын сезіну үшін, әрбір қадамымызды саналы түрде жасайық! Біз болашақты жарқын етеміз!
Біздің үндеу!
Нашақорлық – тек қана дерт емес, ол өмірдің ең қымбат уақытын ұрлау.
Есірткіге қарсы күрес – ол өзіңе, өз армандарыңа деген құрмет.
Әрбір таңдау – біздің болашағымызды қалыптастырады.
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков
№244 Ы.Жақаева атындағы орта мектебі
11”а”сынып оқушысы
Елтай Данагүл