Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нашақорлық – бұл жамандықтың жолы!

Нашақорлық – бұл жамандықтың жолы!

Құрметті достарым!
Бүгінгі таңда қоғамымызда нашақорлық үлкен проблемаға айналды. Ол тек денсаулықты бүлдіріп қана қоймай, болашағымызды да ұрлап алады. Нашақорлық – бұл адамды өзіне жау ету, өмірдің шын мәнін жоғалту.
Біз – болашақтың иелері, еліміздің үміт артар азаматтарымыз. Бүгінгі таңда, әрқайсымыз өз жолымызды таңдауға құқылы болсақ та, бір нәрсе анық: нашақорлық – болашақтың жауы. Ол біздің денсаулығымызды, рухани күшімізді, арманымызды жояды. Әрбір қабылдаған шешіміміз бізді не жақсылыққа, не жамандыққа апарады. Нашақорлық – бұл жамандықтың жолы! Оны таңдамау – өзіңді, отбасыңды, дос-бауырларыңды құрметтеу деген сөз.
Біз, жастар, қоғамның болашағымыз, еліміздің тірегі болып саналамыз. Әрқайсымыздың жүрегімізде өз болашағымызға деген үлкен үміт пен сенім бар! Сондықтан біз нашақорлыққа жол жоқ деп айтатын уақыт келді!
Нашақорлық – мықты болғың келсе, оны таңдау емес!
Нашақорлық – күшіңді жоғалтқың келсе, оны таңдаушы болма!
Әрбір жеңісіміздің түпкі негізі – денсаулық пен сана-сезіміміздің тазалығында!
Біз жастар, нашақорлыққа қарсы тұрып, таза өмірдің құндылықтарын таңдайық! Өзімізді, болашағымызды қорғап, жарқын жолға бірге қадам басайық! Жоғарыға ұмтылып, мақсатымызға адал болайық!        
Біздің үндеу!
Нашақорлыққа қарсымыз! Таза өмірді таңдаймыз! Біз – болашақпыз!
#ЖастарНашақорлыққаҚарсы
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков

№244 Ы.Жақаева атындағы орта мектептің
10 “а” сынып оқушысы
Ғалымжанқызы Маржан
01 қаңтар 2025 ж. 337 0

Қоғам

БІЗДІҢ НӘЙЛА
05 ақпан 2025 ж. 42

БАЛА НЕГЕ ҰМЫТШАҚ?

05 ақпан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9276)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (9275)

03 ақпан 2025 ж.

№7 (9274)

28 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728