«Сиқырлы орманның құпиясы»
Бір кездерде, өте әдемі әрі жасыл ормандағы алып ағаштардың бірі ерекше қасиетке ие еді. Ол – Сиқырлы Орманның Құпия Ағашы. Бұл ағаштың жапырақтары әртүрлі түстерге боялып, айналасындағы әлемді сиқырға бөлейтін еді. Орман тұрғындары үшін бұл ағаш тек тамаша табиғаттың көркі ғана емес, сонымен қатар өмірдің мәні мен бақытты болудың құпиясы болатын.
Бірақ бір күні орманға үлкен өзгеріс кірді. Күндердің күнінде орманның кейбір бұтақтарына ерекше бір гүл пайда болды. Бұл гүл жұмбақ әрі сыры терең еді. Жапырақтарынан әлсіз ұшқындар шығып, айналасына ерекше иіс тарай бастады. Орман тұрғындары алғашқыда бұл гүлді таңданыспен қарады. Бірақ уақыт өте келе, гүлдің айналасындағыларды біртіндеп өзіне баурай бастады. Ол – есірткі еді.
Бастапқыда оның әсері тәтті әрі қызықты көрінді. Кейбір жануарлар мен құстар осы гүлге жақындаған сайын көңілдері көтеріліп, сиқырлы әлемге еніп кеткендей болды. Бірақ бұл тек уақытша ғана еді. Көп ұзамай олардың көздері өңсізденіп, өмірдегі нақты сұлулықты ұмытып, көңілсіздік пен бойкүйзелістің құрсауында қалды. Орман тұрғындары бір-біріне қарап, бұл өзгерістің неге болып жатқанын түсінбей қалды.
Біраз уақыттан кейін Сиқырлы Орманның Құпия Ағашы да бұл құбылысты байқап, қатты алаңдай бастады. Оның жапырақтары бұрынғыдай жарқырап, айналаға сәуле шашпайтын болды. Құпия Ағаш орман тұрғындарына ерекше үнмен үн қатты:
– Достарым, не болып жатыр? Неге бұрынғыдай жарқып, қуанышқа бөленбей отырмыз? – деді.
Орманның әр бұрышынан жиналған барлық жануарлар мен құстар бұл сұраққа жауап іздеп, басқалармен ақылдаса бастады. Тек біреу ғана ойланып тұрып, басын шайқап жауап берді:
– Ағажан, соңғы кезде бұл орманға түсініксіз нәрсе келді. Біз өзімізді әлсіз сезінеміз. Бақшадағы гүлдер сиқырлы иіс тартады, бірақ олар бізді өзіне үйіріп алып, күшімізді тартып жатыр. Есірткі… бұл оның аты.
Құпия Ағаш сіресіп қалды. Ол бұл сөзді естігенде жан-дүниесі тітіркеніп, ормандағы өзгерістің бәрін түсінді. Ол орман тұрғындарына тағы да үн қатты:
– Бәріміз бірлесіп бұл құбылысты тоқтатуымыз керек! Бұл гүлдер – сиқыр емес, бұл біздің өмірімізге қауіп төндіріп тұрған жалған бақыттың көрінісі! Тек бірлікпен ғана біз есірткінің қауіп-қатерінен құтыла аламыз!
Орман тұрғындары бұл сөзді естігенде ойға шомып, бір-біріне қолдау білдіріп, ең басты құндылық – табиғатпен және бір-бірімен қайта табысуға ниет білдірді. Олар бірлесіп, гүлдер мен есірткіні көріп жүрген жерлерді іздеп, бәрін түп-тамырымен жойды.
Құпия Ағаштың жапырақтары қайтадан гүлдей түсіп, айналасына алтын сәуле шашты. Орман қайтадан жайнады, жануарлар мен құстар бұрынғы қуаныштарын қайта тауып, табиғаттың шынайы сұлулығын сезіне бастады.
Бұл ертегінің соңында орман тұрғындары бір-біріне қарап, өмірдің мәні – табиғаттың өзі екенін түсінді. Есірткі – жасанды қуаныш, ал шынайы бақыт – бірлік пен табиғаттың сұлулығы екеніне көздері жетті.
Ертегі осылайша орманға қайтадан тыныштық пен үйлесімділік әкелді. Тек шынайы бақыттың ғана мәңгілік екенін, ал жалған қуаныштың соңы ажалға апаратынын түсінді.
153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жүрсін Інжу