Еркежан мен Құпия Орман
Бір заманда, көкжиектен шексіз кеңістікте, ерекше бір ауылда Еркежан есімді қыз бала өмір сүріпті. Еркежанның көзі әрдайым жарқырап, жүрегі шаттыққа толы болатын. Ол көп нәрсені жақсы көретін: достарымен ойнауды, табиғаттың сұлулығын тамашалауды, әңгімелер тыңдауды және өз ауылындағы әрбір адамның бақытты болғанын қалайтын.
Бір күні ауылға бір тылсым орманның шетінде өмір сүретін жұмбақ бір қарт адам келеді. Ол жаққа тек өте батыл, ержүрек адамдар ғана жол таба алатын деп айтылған еді. Қарт адам балаларға ерекше бір дәмді жидектер ұсынып, оларды ештеңеден қорықпауға шақырады.
Балалардың ойында ештеме жоқ,ойын баласы болғандықтан жидектерді көріп қуанып кетеді.Еркежан осы жидектердің дәмін көргісі келді, бірақ оның жүрегінде бір күмән пайда болып, шеберханадағы атасына қарай жүгіре жөнеледі.Атасы оған былай деп кеңес береді:
Бұл жидектерді жеу оңай, бірақ олар сенің жан-дүниеңді өзгертеді. Олар сені уақытша бақытты етіп көрінеді, бірақ шын мәнінде сен өзіңнің ішкі күшіңді жоғалтуың мүмкін. Еркежан ауылдағы достарына осы жидектер туралы айтып, көп ойланып шешім қабылдады. Ол достарына уақытша қуаныш әкелгенімен, өздеріне деген сенімділігі мен қуатын жоғалтатынын түсінді. Мен бұл жолды таңдамаймын,қайткенде де достарымның денсаулығы мықты, батыл болулары үшін күресемін — деп шешті Еркежан, — өйткені мен өз күшіме сенемін, мені шынайы бақытқа тек менің күшім мен достарымның қолдауы жеткізеді! Сол сәттен бастап Еркежан орманға қарай бармауларын қадағалап, алаңқайларда түрлі ойындар ойнап достарымен уақытын көп өткізеді. Балалар да қуанышты әрі өз денсаулықтарын сақтап, өз жолдарын таңдады. Ал ормандағы жидектер мен олардың жалған уәделері ұмытылды. Еркежан мен оның достары өз күштеріне сеніп, шын бақытқа жетті. Сөйтіп, Еркежан мен оның достары барша әлемге бір нәрсені: ең үлкен бақыт — бұл өз күшіңе сену және шынайы достықта екенін ұғындырды. — Жалған жолдан сақ болыңдар! — деп ақсақал балаларға соңғы кеңесін беріп, кішкене күлімсіреп, орманның тереңіне қайтып кетті.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің 9 «В» сынып оқушысы Құрманай Күмісай