ҚАРАҢҒЫ ЖОЛДЫҢ АРБАУЫ
Баяғыда “Бақыт ауылы” деген бір көркем мекенде әрбір тұрғын бақытты әрі дені сау өмір сүретін. Осы ауылдың жанында “Қараңғы жол” деп аталатын бір жұмбақ орман болатын. Сол орманнан кез келген өтуші таңғажайып сезімдерге толы тәтті иіс шығатынын сезетін, бірақ ешкім ол жаққа баруға батпайтын. Ауыл үлкендері орманның арғы жағында “Арбаушы” деген зұлым өмір сүретінін айтып, балаларды ескертіп отыратын.
Бір күні ауылдың ең ерке әрі батыл ұлы Нұрлан жаңа әсерге құмарытып, Қараңғы жолға қарай бет алды. Оның достары оны тоқтатуға тырысқанымен, ол тыңдамай, орманның ішіне кіріп кетті. Ішке ене бере, оған зұлым Арбаушы кезікті.
– Ей, балақай! Шаршадың ба? Менің ғажайып кәмпиттерімді жеп көрші, – деп Арбаушы өзінің түрлі-түсті, хош иісті кәмпиттерін ұсынды.
Нұрлан кәмпитті жеп көріп, өзін жеңіл әрі қуатты сезінді. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Бірнеше сағаттан соң оның денесі әлсіреп, басы айналып, көзі қарауыта бастады.
Ол үйіне әрең жетті. Ата-анасы дәрігер шақырды, ал ауыл тұрғындары Арбаушының арам ниетін түсініп, оны тоқтатуға шешім қабылдады. Олар бірлесіп Қараңғы жолға барып, зұлымды ормандан қуып жіберді.
Нұрлан бұл оқиғадан үлкен сабақ алды. Ол:
– Ешқашан арбаушылардың уәдесіне сенбеңдер. Өз денсаулығың – ең қымбат байлығың! – деп, барлық достарына ескертті.
Содан бері Бақыт ауылында ешкім есірткінің арбауына түспейтін болыпты. Ал Қараңғы жол қайтадан жайқалған жасыл алқапқа айналды.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп
9 «Ә» сынып оқушысы Құрбан Аян
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп
9 «Ә» сынып оқушысы Құрбан Аян