Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі туралы ертегі

Есірткі туралы ертегі


Жер бетінде жан-жағы жасыл желекке оранған, аспаны айдай ашық, гүлдері әсем, ауасы таза, ерекше ауыл болыпты. Ол ауылдың тұрғындары да салауатты өмір салтымен айналысып, денсаулықтарына күтім жасап, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста өмір сүрген екен. Соның арқасында ауылдың ажары артып, адамдардың да татулықтары тасып, бауырмалдығы арта беріпті. Олар бір-бірін еш қиындыққа қалдырмай, біреу жыласа жігер беріп, құласа демеп өмір сүрген екен.
Осындай бақытты ауылдың бейнесін бір күні қара дауыл құртады. Аспанды қара бұлт торлап, апақ-сапақ уақытта дауыл тұрып, айналаны көз көрмес шаң басады. Бұрын-соңды мұндай табиғаттың құбылысын көрмеген ауыл тұрғындары таңырқап қалады. Барлығы бір-бірінің заттарын, ағайындарын түгендеп, барлығы жақсы екеніне көз жеткізеді. Көз алдарыңда ешкім зардап шекпегеннен кейін қара дауылды жай ғана табиғат құбылысы деп қабылдап, әрмен қарай өз өмірлерін сүреді. Алайда, күндердің күнінде ауыл ішіндегі жас әрі жігерлі, спортқа құмар Дастан өзгере бастайды. Ол бұрыңғыдай сабырлы һәм ақылды емес, керісінше ашуланшақ, шыдамсыз тіпті ата-анасына да сөз қайтарып, спортпен де айналыспай барлығына қол сілтейді. Дастанның күрт өзгерген мінезін ешкім түсінбейді. Бірақ оның қасындағы жақын достары қолдау білдіруге тырысып, себебін жан-жақтан іздей бастайды. Бірақ ауыл тұрғындарының бұл сұрақтың шешімін табуға шамасы жетпеді. Ең сорақысы, Дастанның қатарына тағы да ауылдағы ең үлгілі әрі көңілді бала Айбар да қосылды. Осылайша, кезінде үздіктердің қатары болған топ бірте-бірте ең сұмдық адамға айналып барады. Және олардың құрамындағы адамдар саны да көбеюде. Ауыл тұрғындары не істерін білмей әбден әбігерге түсті. Сол сәтте жасы алпысты алқымдап қалған Ерден деген ақсақал: «Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл қасірет көрші Қосүйеңкі ауылында болып еді ғой. Тастан шалдың немересі осындай бәлекетпен ауырып, түптің түбінде өзіне қол жұмсап қаза болып еді. Олар сол уақытта өрімдей жас балаға көмектесе алмады. Бірақ содан кейін не себеп болғанын білген шығар. Бәлкім солардан сұрармыз», - деп ақыл айтты. Мұны ауыл тұрғындары да қолдай кетті. Дем арасында көрші ауылға аттанып, Тастан шалды тауып алды.
  • Амансыз ба, ата? Біз көрші Бақыт ауылынынан келіп тұрмыз. Бұрын ауылымыз атына заты сай еді, қазір аты Бақыт болғанымен, өзіміз бақытты болмай тұрмыз. Ауылымызды дәл бір қара түнек басқандай, -деді Дастанның жақын досы Арай.
  • Е, балам, аманбыз, аманбыз. Сендердің неге келіп тұрғандарыңды білетін сияқтымын. Сол қара түнек бес жыл бұрын біздің ауылды да басып еді. Жарықтық, сол қара түнекте адасып менің балам да кетті, - деді Тастан шал көзіне жас алып.
  • Иә, соның себебін біліп, тез арада қолға алмасақ, біздің ауылда да жастар көздері соқыр, құлақтары саңырау сияқты күй кешуде. Біз не аайтсақ та тыңдамайды, сөйлеспейді.
  • Оның неден пайда болғанын яки қалай күресу керегін мен білмеймін. Бірақ ол сол сендердің ауылдарыңда болған қара түнек дауылмен бірге келді. Өзі де сол қара түнек сияқты қап-қара әрі түсініксіз бәле екен. Менің бар білетінім оның аты – есірткі. Ал онымен күресу жолын өкінішке орай, білмеймін балам.
Осы сөзді естіген соң ауыл тұрғындары есірткі атты қара түнекпен қалай күресу жолдарын іздей бастады.  Әрі ойланып, бері ойланып есірткінің адам ағзасына қалай әсер ететінін зерттеп, ауыл ішіне үгіт-насихат жүргізді. Ақ қағаздарға  «Есірткі адам өміріне зиян», «Есірткіден бас тарт», «Спортпен айналыс» деген сияқты қағаздарды шығарып, ауылдың барлық жеріне іліп тастады. Дастан және оның достарына да үгіт-насихат жүргізіп, спортпен қайта айналысу үшін бар көмегін көрсетті. Достарының және ауыл тұрғындарының үздіксіз әрекетінің арқасында есірткі атты қара түнек ауылдан бір жола жойылды. Осылайша Бақыт ауылы қайттан өз қалпына келіп, адамдариы да бақытты әрі баянды өмір сүрді.
Азамат Кенжешов,
Шиелі ауданы, Алғабас ауылы
№157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектептің
7 сынып оқушысы
Сурет https://massaget.kz/ сайтынан алынды
13 қаңтар 2025 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (9269)

11 қаңтар 2025 ж.

№1 (9268)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (9267)

30 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031