Бүгін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының алауы тұтанады. Париж Олимпиадасының соңғы лицензялары сарапқа салынатын басты додаға әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатыспақ. Олардың қатарында 3 Олимпиада, 13 әлем чемпионы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат....
Еліміздің бас қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында жалауы желбіреген сайысқа сары құрлықтың 25 мемлекетінен 397 (267 ер, 130 әйел) спортшы қатысты. Аталған додада боксшыларымыз 25 алтын медаль жеңіп алды....
Парижде өткен әртістік жүзуден әлем кубогында аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz....
Суға жүзуден Түркияның Эдирне қаласында өтіп жатқан бәсекеде қазақстандық спортшылар алғашқы жарыс күні 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап....