Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Кубогі: Садақшылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстан Кубогі: Садақшылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық шеңберінде Семейде дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогі басталды. Оған алғаш рет қатысушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Атап айтқанда, 300-ден астам үздік садақшы еліміздің барлық өңірінен қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Кубогі: Садақшылар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: ultsport.kz

Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, жарыс төрт түрлі нысан бойынша өтеді. Пута нысанасы (9 оқтан 7 мүмкіндік), қалқан нысанасы (7 оқтан 7 мүмкіндік), жамбы нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс барлық спортшыға бірдей 4 нысанада бақ сынау мүмкіндігі беріледі. Аталған әр нысан бойынша ерлер және әйелдер 1,2,3 орындары бойынша медальдармен және дипломдармен марапатталады.

ұлттық спорт

ұлттық спорт

Ұлттық спорт қауымдастығының мәліметінше, жарыстың алғашқы күнін 200-ге жуық ер және 100-дей әйел пута нысанасы (9 оқтан 7 мүмкіндік) бойынша бастады. Жоғары ұпай жинаған 16 спортшы іріктеліп, 1/16 финалда сайысты. Жеңіске жеткендер: Ербол Тапенов (Астана), Әли Сейсигюзель (Атырау қаласы), Мақсат Әбдікерімов (Шымкент), Айкөркем Батихан (Астана), Динара Жақсылықова (Астана), Ажар Төлеуқанова (Өскемен қаласы).
11 мамыр 2024 ж. 333 0