Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталады

Бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталады

Бүгін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының алауы тұтанады. Париж Олимпиадасының соңғы лицензялары сарапқа салынатын басты додаға әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатыспақ. Олардың қатарында 3 Олимпиада, 13 әлем чемпионы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтсақ, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне Qazaqstan Barysy Grand Slam атауымен енген жарыс қатысушыларының қатарында дзюдо спортының жарық жұлдызы, үш дүркін Олимпиада чемпионы, 12 дүркін әлем чемпионы Тедди Ринерден (Франция) бастап, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Акира Соне (Жапония), Рафаэля Сильва (Бразилия), Баул Ан (Оңтүстік Корея), әлем чемпиондары мен жүлдегерлері Криста Дегучи (Канада), Тсогтбаатар Цендочшир (Моңғолия), Джордж Фонсека (Португалия), Ван Т Енд Ноел (Нидерланд), Валид Кьяр (Франция), Тацуру Саито (Жапония), Grand Slam жеңімпаздары Достон Розиев (Өзбекстан), Элиос Манци (Италия), Барух Шмаилов (Израиль), Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан) бар.

Ал Қазақстан жарысты қабылдаушы ел ретінде әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан шығаруға құқылы.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының төрінде өтетін әлемдік додада Қазақстан сапынан екі дүркін Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов, Grand Slam чемпионы Мағжан Шамшадин, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, Гран При жарыстарының жүлдегері Ғалия Тынбаева бастаған спортшылар ел намысын қорғайды.

Ерлер арасында ел намысын қорғайтын спортшылар:

60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;
73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді;
90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов;
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев;
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Әйелдер арасында ел намысын қорғайтын спортшылар:

48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай
52 кг: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева
57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Мұханбет, Дана Әбдірова
63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова
70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
-78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская
+78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова

Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді.

Атап айтқанда, І орын үшін 1 000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі.

Байрақты дода 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңындағы соңғы лицензиялық Grand Slam жарысы болмақ.
10 мамыр 2024 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930