Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әбиба Абужақынова әлемдегі ең үздік бес дзюдошының қатарына қосылды

Әбиба Абужақынова әлемдегі ең үздік бес дзюдошының қатарына қосылды

Қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Әбиба Абужақынова әлемдегі ең үздік бес дзюдошының қатарына қосылды
 standard.kz

Жақында ғана Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде күміс медаль иеленген Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингтің көшін бастауға жақын.
Ол әлемдік рейтингте алдына италиялық Ассунта Скуттоны, француз Ширин Букли мен жапон Нацуми Цуноданы жіберіп, 5184 ұпаймен 4-орында тұр. 
Әбибаның Ташкентте жеңіп алған күміс жүлдесі оның мансабындағы Grand Slam жарысының алғашқы күмісі болса, осы жылғы маусымнан бергі әлемдік додаларда үшінші медалі. Қаңтар айында ол Португалияда өткен Grand Prix және Бакудегі Grand Slam жарысында үшінші орынға ие болды. 
Әбиба мансабында осымен Grand Slam жарыстарында 6 медаль жеңіп алды. Оның Grand Prix жарыстарында алған 1 алтын, 1 қола жүлдесі бар.
17 наурыз 2024 ж. 192 0