
ГАРЕТ САУТГЕЙТТІҢ КОМАНДАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
«Самара Аренада» Швеция мен Англия құрамалары кездескен. Салыстырмалы түрде еуропалық қос ұжымның фавориті – Англия саналады. Әрі олар осы чемпионат басталғалы белсенді ойындар көрсетіп, мықтылықтарын дәлелдей түсті. Мундиальдің үздік бомбардирі де – Англия құрамасының капитаны Харри Кейн. Еншісінде 6 гол...








