Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшылар Италиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар Италиядағы турнирде жеңіске жетті



27 Шілде
Италияның Тодди қаласында стенд атудан екі бірдей халықаралық турнир өтіп жатыр. 30 шілдеге дейін жалғасатын ірі халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҰОК сайтынасілтеме жасап.

HH Sheikha Fatima Bind Mubarak Emirates GREEN CUP турниріне 22 мемлекеттен 170 спортшы қатысуда. Аталған сында дубль-трап сайысы бойынша қазақстандық Мария Дмитриенко 1 орын иеленді.
Italian Open Green Cup Shotgun турнирінде 15 мемлекеттен келген мергендер бақ сынауда. Жастар арасындағы дөңгелек стенд ату сынында қазақстандық Александр Мұхамедиев күміс жүлдегер атанды.
Ал скит бағдарламасы бойынша финалға шыққан Александр Ещенко сайысты 5-ші орынмен аяқтады.
«Мария Дмитриенко финалға 6-шы орынмен шыққан болатын. Ал финалда ол өз мықтылығын дәлелдеп, алтын жүлдегер атанды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш», - дейді «Астана» кәсіби спорт клубының менеджері Андрей Могилевский.

28 шілде 2018 ж. 856 0