2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық бес ауыр атлет Лас-Вегаста өтетін Әлем чемпионатына аттанды

Қазақстандық бес ауыр атлет Лас-Вегаста өтетін Әлем чемпионатына аттанды


 
Наурыз айының 8-15 аралығында Лас-Вегаста ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш біріншілікте ел намысын бес қазақстандық спортшы қорғамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарланғандай, чемпионатқа әлемнің 50 елінен 13-17 жас аралығындағы ауыр атлеттер өзара бақ сынайды. Қазақстанның намысын Америкада Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақ), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақта), Сәпи Есенгелді (81 келіге дейінгі салмақта), Рахат Бекболат (96 келіге дейінгі салмақта) және Ольга Пастухова (81 келіге дейінгі салмақта) қорғайды. 
«Әлем чемпионатына қауырт дайындықты осы жылдың қаңтар айынан бастап кеткенбіз. Жас спортшыларымыз Түркия мен Алматы облысының спорттық базаларында екі бірдей оқу-жаттығу жиынынан өтті. Ең мықты деген бес спортшыны таңдап алдық. Саңлақтарымыздың бабы жақсы. Бәрі дайын. Әсіресе, Сайхан Тайсуев пен Ольга Пастуховада үштікке ілінетіндей барлық мүмкіндік бар», - дейді жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов. 

Автор: Аян Бекенұлы
06 наурыз 2019 ж. 1 089 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930