Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан ел чемпионаты өз жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 
Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көркем гимнастикадан өтетін ел чемпионатында 11 облыс пен Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының спортшылары бақ сынайды. Спорттық бәсекеде барлығы 106 гимнастшы жеке бағдарламамен, одан бөлек 30 команда (әр командада 6 адамнан) топтық жаттығу бойынша шеберлік байқасады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында топтық жаттығулар бойынша көпсайыстан спорт шебері (2002-2003 жылдары дүниеге келгендер) және спорт шеберіне кандидат (2004-2006 жылдары дүниеге келгенде) дәрежесі үшін жеке біріншілік өткізіледі. Аталған бәсекеде елорда намысын топтық жаттығу бойынша 5 команда және жекелеген бағдарламада 10 спорт шебері мен 11 спорт шеберіне кандидат қорғайтын болады. Ел чемпионаты 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Астанадағы Көркем гимнастика академиясында өтеді.
inform.kz
30 қаңтар 2019 ж. 718 0