Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астаналық гимнастшы халықаралық турнирдің жүлдесін жеңді 

Астаналық гимнастшы халықаралық турнирдің жүлдесін жеңді 


Елордалық гимнастшы Сабина Бакатова Олимпиада чемпионы Марина Лобачтың сыйлығы үшін көркем гимнастикадан өткен XVI халықаралық турнирде күміс медаль алды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Минск қаласындағы (Беларусь) жарыста 10 мемлекеттің спортшылары бәсекеге түсті. Атап айтқанда, Израиль, Италия, Қазақстан, Кипр, Литва, Польша, Ресей, Украина, Эстония және Беларусь. Турнир әлемдік гимнастика күнтізбесіне енгізілген. Аталмыш беделді шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Марина Лобач 1988 жылы Сеул қаласында көркем гимнастикадан Кеңес Одағының атынан алғашқы алтын медальді олжалаған болатын. Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабина Бакатова Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. Гимнастшы қыз Куала-Лумпурда өткен Азия чемпионатында екі алтын және бір қола медальді қанжығасына байлаған болатын. 

www.24.kz
12 желтоқсан 2018 ж. 678 0