Астанада көркем гимнастикадан халықаралық жарыс өтеді
Ертең Астанада көркем гимнастикадан ФИШ «Zhuldyz 2018» деп аталатын халықаралық жарыс басталады. Мұндай әлемдік деңгейдегі бәсеке елімізде үшінші рет өткелі тұр. Сайысқа Қазақстан, Ресей, Түркия, Израиль, Корея сыңды 9 елден 580 гимнасшы қатысады. Олардың шеберлігін сынауға әлемге танымал Рио олимпиадасының қола жүлдегері украиналық Анна Ризатова сынды білікті мамандар шақырылып отыр. Қазақстанның намысын Әдия Тілекенова, Роза Абитова, Сабина Бақатова, Айбота Ертайқызы сияқты спортшылар қорғайтын болады. Айбота Ертайқызы, көркем гимнасшы: - Мен гимнастикамен 5 жасымнан айналысамын. Осындай ФИШ турнирлерге қатысып жүргеніме 2 жылдай уақыт болды. Біз жақсы дайындалдық деп сенемін. Соған орай жақсы нәтиже көрсетемін деп ойлаймын.
24.kz