Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бізді мәжбүрледі". Альварестің промоутері соңғы жекпе-жек туралы шындықты жайып салды

"Бізді мәжбүрледі". Альварестің промоутері соңғы жекпе-жек туралы шындықты жайып салды



Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес бір кездері Сауль "Канело" Альварестің әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуіне қарсы шыққанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канелоның" Остин Траутпен жұдырықтасуына қарсы болған едім. Бірақ "Канело" бәрібір де осы жекпе-жектің өткенін қалады. Себебі, ол біз көрмеген нәрсені көріп, біз білмегенді білді. Головкинмен өтетін жекпе-жекке қатысты да ұқсас жағдай болды. Біздің еркімізде болса, бұл жекпе-жекті болдырмай қоятын едік. Бірақ "Канело" осыны қалап, бізді келісім беруге көндірді", — деді Эрик Гомес.Сондай-ақ, ол мұндай жағдайдың бірнеше рет болғанын айтып өтті. Бір кездері компания президенті Мэйвезермен жекпе-жек өткізуге де қарсы болған екен. Бұдан өзге ол "Канелоның" әрдайым өзіне сенімді екенін айтып өтті.
Естеріңізге сала кетсек, GGG мен "Канелоның" бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйек айында өтіп, жеңімпаз анықталмады. Ал рематч бір жылдан кейін болып, төрешілердің көпшілігі жеңісті Альвареске берді.

sputniknews.kz
29 қараша 2018 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031