Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Канелоның келесі қарсыласы кім

Канелоның келесі қарсыласы кім


Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) келесі қарсыласының кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, «Канело» ендігі кезекте шаршы алаңда британдық боксшы Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) кездеседі. Жекпе-жек 15 желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл жұдырықтасуда Альвареске тиесілі WBA Super әлем чемпионы атағы бәске тігіледі.
Еске сала кетсек, «Канело» со
ңғы жұдырықтасуын 15 қыркүйекте өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте ол қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңді. Ал Филдингке келер болсақ, ол 14 шілдеде аса танымал емес неміс боксшысы Тайрон Цойгемен (23-1-1, 13 КО) бокстасты. Бұл жекпе-жек британдық спортшының сегізінші раундтағы техникалық нокаут арқылы жеңісімен аяқталды.

07 қазан 2018 ж. 1 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31