Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аты аңызға айналған Майк Тайсон Головкин - «Канело» екінші жекпе-жегіне баға берді

Аты аңызға айналған Майк Тайсон Головкин - «Канело» екінші жекпе-жегіне баға берді



Ауыр салмақ бойынша бұрынғы абсолютті чемпион Майк Тайсон Головкин - «Канело» екінші жекпе-жегі біте салысымен тілшілерге қысқаша түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
- Тамаша жекпе-жек. «Канело» жеңді. Керемет айқас.
- Сіз «Канелоның» жанкүйерісіз бе?
- Иә.
- Испанша бірдеңе айта аласыз ба?
- Hola! (сәлем).
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтіп, нәтижесінде мексикалық әділқазылардың есебі бойынша жеңіске жеткен еді. Головкин алғаш рет жеңіліс дәмін татып, барлық чемпиондық белдігінен айырылды. Сонымен қатар, отандасымыз орта салмақта титульдық қорғау бойынша бернард Хопкинстің тарихи рекордын орындай алмады.
Baq.kz
18 қыркүйек 2018 ж. 982 0