«Канелоның» командасы екінші кездесу өткізу үшін Головкинге шарт қойды
Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші кездесуді әлі де ұйымдастыруға болатынын айтты. Бұл туралы ESPN Deportes басылымы хабарлап отыр. Гоместің айтуынша, ол үшін Головкиннің командасы ең бірінші ұсынысты қабылдауы керек. Мексикалық боксшының командасы жекпе-жектен түсетін табысты «65» және «35» пайыз көрсеткіші бойынша бөлуді ұсынып отыр. Ал қазақстандық боксшының командасы табысты тең бөлуді ұсынуда. «Дәл қазір екінші кездесуді ұйымдастыратын мүмкіндік жоқ. Бірақ егер бұл туралы менен дүйсенбі күні сұрайтын болсаңыз, мен ұйымдастыруға жақын деп айтар едім. Бірақ Головкиннің командасы берген жауаптан кейін жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігі төмендеп кетті. Сондықтан біз басқа қарсылас іздестіріп жатырмыз. Саульге қарсылас болатын боксшылар көп. Олардың қатарында Даниэль Джейкобс және шілде айында белбеуін қорғайтын Билли Джо Сондерс, Жермалл Чарло, Давид Лемье және Гэри О'Салливан бар. Головкинге қарсы шығатын боксшы бар. Ол міндетті қарсылас – Сергеем Деревянченко. Егер GGG онымен кездескісі келсе, біз кедергі болмаймыз. Мұндай жекпе-жектің жарнамасын жасау үшін біраз уақыт керек. Ал олар алты апта жоғалтып алды. Қазіргі уақытта Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігі нөлге тең. Сол үшін біз басқа боксшылармен келіссөз бастаймыз. Бірақ Леффлер мен Головкин бізге бүгін немесе ертең қайта келіп, бұрынғы ұсынысты қабылдайтын болса, жекпе-жекті әлі ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Біз 15 маусымға дейін келесі қарсылас белгілі болғанын қалаймыз. Сондықтан қазірдің өзінде біз басқа боксшылардың промоутерлерімен келіссөз бастадық», – дейді Гомес. Ақпарат көзі: vesti.kz
24.kz