Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Лестерді» көшке ілестірген азамат

«Лестерді» көшке ілестірген азамат


«Апат айтып келмейді». Тағдырдың жазуынан еш құтыла алмайсың! Өткен сенбі күні «Лестер сити» футбол клубының басшысы тай миллиардері отырған тікұшақ стадионның маңында құлады. 

Вишай Шривадданапрабх деген кім? 

Бұл азамат лестерлік жанкүйерлердің пірі, клубтың чемпион болуына себепкер болғандардың бірі еді. Ол «Лестер» футбол клубын 2010 жылы 50 миллион долларға сатып алған кезде, тай азаматының бұл әрекетін ешкім түсіне алмаған. Сол уақытта «Лестер» футбол клубына Чемпионшипті жеңу арман тұғын. Бірақ бес жылдан кейін «Лестер» АПЛ де чемпион болған кезде бәрі ертегідей көрінді. Ия, Вишай «Лестер» көшке ілестірді. 
Лестер халқы үшін бұл кісі чемпиондар лигасын әкелген, стадион, аурухана салған азамат ретінде естерінде қалады. 

"«Лестер» футбол клубы 27 ші қазан күні болған апатта Шриваддапрабхтың өмірден өткенін растады. Оның жанында екі көмекшісі Нурсара Сукнамай мен Кавепорн Пунпарэ, пилот Эрик Сваффер мен жолаушы Изабелла Роза Лечович болған. Жолаушылардың барлығы қаза тапты.
29 қазан 2018 ж. 803 0