Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Усэйн Болт еуропалық футбол клубына шақырылды

Усэйн Болт еуропалық футбол клубына шақырылды

Қазіргі таңда ямайкалық Аустралия клубында ойнайды.















Жүгіруден Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт Мальтаның "Валлета" клубынан шақырту алды, - деп хабарлайды ESPN.

Клубтың басқарушы директоры Гастон Слимен Олимпиада чемпионымен желтоқсанда өтетін Мальта суперкубогына дейін келісімшарт жасасуға үмітті екенін айтты. Болтқа екі жылдық келісімшарт ұсынылды, ал оның қаржылық шарты жарияланбады.

"Валлететде" чемпионды көруге әрдайым қуаныштымыз және мүмкін емес ештеңе жоғына сенеміз", - деп атап өтті Слимен. 

"Валлета" алдағы бірнеше жылда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту мақсатын қойып отыр. Қазіргі таңда Болт аустралиялық "Централ Кост Маринерс" сапында. Ал 12 қазанда ол кәсіпқой карьерасында алғашқы голын салды. 

Усэйн Болт сегіз рет Олимпиада және 11 рет әлем чемпионы атанған.  Ол 100 (9,58 секунд) және 200 метрге (19,19 секунд) жүгіруден әлем рекордтарын орнатқан.  
17 қазан 2018 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930