"Қазақ Мессиі" Ұлттар лигасы матчінің үздік ойыншысы атанды
Ойынды WhoScored беделді ресурсы бағалады
Ресейлік "Уфа" футбол клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет WhoScored беделді ресурсының тұжырымы бойынша Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі Қазақстан мен Андорра арасындағы матчтың үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Команадалар арасындағы ойын 16 қазан "Астана Арена" алаңында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Сейдахмет бірінші таймда есеп ашып, құрама үшін ресми матчтердегі алғашқы голын салды.
WhoScored Сейдахметтің амалына 8,5 балл берді, бұл матчтың барлық ойыншыларынан артық.
Ары қарай Ғафуржан Сүйімбаев - 8,2, Юрий Логвиненкода да осынша ұпай. Тағы екі голдың авторы - Бауыржан Тұрысбек және Роман Мұртазаев 7,7 және 7,2 баллдан. Ал автогол жіберіп алған Андорра құрамасының қақпашысы Жозе Гомес ең нашар ойыншы атанып, 4,6 балл алды.