Азиада-2018: 11-ші алтынды Рыпакова иеленді
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Азия ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Оған жеңіске жету үшін небары бір ғана мүмкіндік жеткілікті еді. Ол екінші мүмкіндігінде 14 метрден асқан болатын.
Қарсыластарының барлығы да бұл межеге жетпеген соң, Рыпаковаға тағы да секірудің қажеті болмаушы еді.Алайда, барлық мүмкіндігін пайдаланып, 14.26 метрге секірген Рыпакова өзінің нәтижесін жақсартып қана қоймай, Азиада алтынын жеңіп алды.
Күміс жүлдені 13.93 нәтижесін көрсеткен Таиланд және Вьетнам спортшылары өзара бөлісті.

«Барлығы сәтті аяқталғаны үшін қуаныштымын. Алтын медаль иелендім. Бұл медалім саған арналады, Қазақстан! Барлық отандастарымды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Өз жерімізден жырақта жүрген біздерге, спортшыларға бұл үлкен қолдау. Атлеттер үшін әрқашан демеу керек. Біз оны қайда жүрсек те сезінеміз. Ал жарысқа келер болсақ, мен өз кезегімді көп күттім. Ертерек келіп алдық мұнда. Әдетте жеңіл атлетика бағдарламасының бас жағында сынға түсетін ем. Бұл жолы ең соңына қалдырыпты. Соның салдарынан біраз қобалжыдым. Осы маусымда тағы басқа жарыстарға қатыссам деген ойым бар. Бүгінгі жеңісімді Қазақстанға арнаймын! Мерекелереңізбен! », - деді Рыпакова.Baq.kz