Алматыда спорт күні аталып өтеді
Жыл сайын Қазақстанда тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтіледі. Осы жолы ол 19-шы тамызда таңғы сағат 09:00-ден бастап тойланады. Бұл мереке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 2003 жылдың 15-ші қарашасында бекітілген. Оның басты мақсаты еліміздегі спортты дамыту болып табылады. Осы жексенбі, мерекеге орай Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы дәстүр бойынша спорт ардагерлерін құттықтап, қала қонақтарына М. Горький атындағы орталық және мәдени саябағында түрлі шаралар ұйымдастырады. Спорт мектептерінің жас спортшылары көптеген қызықты ойындарға қатысып медаль, диплом, сыйлықтарға ие болады. Олар «бөтелкені құлату», «допты беру», «көпір», «шаңғы», «катамаран», «айсберг», «гол соғу», «кішкене жылан», «дыбыссыз», «жұп болып қапта жүгіру», «паровоз» «твистер жол» сынды ойындарға қатысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары концерттік бағдарламаларға куә болып сая бақта көптеген ойындар мен байқауларға қатысып бағалы сыйлықтарға және велосипедке ие бола алады. Сондай-ақ, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кез келген қонақтардың арасында апта сайын болатын Almaty Street Fitness тегін жаттығуылары өтеді. Fitness Blitz нұсқаушылары барлығына дұрыс нұсқау беріп, жаттығулардың түрлерін көрсетеді. Айта кету керек, спорт мерекесі Қазақстан бойынша тойланып, көптеген спорттық шаралар өткізіледі.
Massaget.kz
Massaget.kz