Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БРЮССЕЛЬ ҚЫТАЙДЫҢ ЕУРОПАМЕН ӘРІПТЕСТІГІНЕН ҚАУІПТЕНЕДІ

БРЮССЕЛЬ ҚЫТАЙДЫҢ ЕУРОПАМЕН ӘРІПТЕСТІГІНЕН ҚАУІПТЕНЕДІ


Бүгін Қытай Халық Республикасының Премьер-министрі Ли Кэцян Орталық және Шығыс Еуропа басшыларымен Болгарияда кездеседі. Брюссель мен Батыс Еуропа мемлекеттері «жол құрылысына бағытталған инвестициялық мүмкіндіктер талқыланатын саммит арқылы Қытайдың өңірдегі ықпалы артуы мүмкін» деп қауіптенеді. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды. 
Ли Кэцян «16+1 әріптестігі» деп аталатын шара аясында Еуропаның 11 және  Балқан түбегінің 7 мемлекеті өкілдерімен бас қосады. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған саммитте тараптардың ауыл шаруашылығы, цифрлы технологиялар мен өндіріс саласындағы әріптестігі сөз болып, инвестициялық жобалар талқыланады.
APF ақпараттық агенттігі Брюсселдің «Қытай бастаған «Бір жол – бір белдеу» жобасы Еуропалық қаржыландыруға негізделген жобаларға бәсекелес болуы мүмкін» деген байлам жасағанын жазды. 2017 жылдың желтоқсан айында Халықаралық қатынастар бойынша Еуропалық кеңес жариялаған баяндамада жылда жалғасын тауып келе жатқан «16+1 әріптестігінің» кездесулері Қытайдың «Еуропаны бөліп ал да, билей бер» саясаты деп сипатталған.
Кәусар Ахмет
07 шілде 2018 ж. 1 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930