Бразилия ұлттық құрамасы өздерінің 40 жылдық «рекордын» жаңартты
Неймар бастаған Бразилияның жұлдызды жігіттері Швейцариямен тең ойнады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Айта кетейік, Тите шәкірттері 40 жылдан бері әлем чемпионаты аясында өткізген алғашқы ойынында жеңіске жетіп келген. Бірақ еуропалықтар олардың бұл статистикасына өзгеріс енгізді. Ойын бастала салысымен Бразилия бірден іске кірісіп, 20 минутта «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Коутиньо алғашқы голдың авторы атанды. Осыдан кейін-ақ, әлемнің бес дүркін чемпиондары 3 ұпай алады деген сенім күшейген.
Алайда екінші тайм бастала салысымен Швейцария құрамысының орталық қорғаушысы Цубер бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші болып жетіп, есепті теңестіріп кетті. Пеленің бауырлары қайта ес жиып алған ұмтылған болатын. Бірақ, қанша тырысса да тепкен доптың жартысы далаға кетті. Қалғанын қорғаушылар мен қақпашы қағып тастап отырды. Сонымен, ойынның үздік ойыншысы аталамы Коутиньоға берілді. Ендігі кезекте Бразилия топтық кезеңдегі келесі ойынын 22 маусым күні Коста-Рикаға қарсы өткізеді.
Baq.kz