Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болгариядағы бокс бәсекесі: Ұлттық құрама сапында кімдер бар?

Болгариядағы бокс бәсекесі: Ұлттық құрама сапында кімдер бар?

Болгариядағы бокс бәсекесі: Ұлттық құрама сапында кімдер бар?23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясы ұсынған тізімге сәйкес турнирде бақ сынайтын ерлер құрамасы: 
50 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров;
55 келі: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек;
60 келі: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев;
65 келі: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин;
70 келі: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
80 келі: Санжар-Али Бегалиев, Диас Молжігітов;
85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов;
90 келі: Нурмагамед Юсупов;
+90 келі: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай.

Әйелдер құрамасы: 
48 келі: Айгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген;
51 келі: Жазира Орақбаева, Анита Адишева;
54 келі: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш;
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова;
60 келі: Виктория Графеева, Римма Волосенко;
65 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева;
70 келі: Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева;
75 келі: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко;
80 келі: Надежда Рябец;
+80 келі: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова.


Айта кетейік, бокстан ел құрамасы «Странджа» халықаралық турниріне 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол жылдан бері боксшыларымыз аталған турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншілеген. Былтыр ел құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеп, 6 алтын жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алған болатын. Айта кетейік, ақпан айының басында ұлттық құрама боксшылары Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турниріне қатысып, 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.



20 ақпан 2026 ж. 43 0