Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?Бүгін, 8 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін Қазақстан құрамасының екі спортшысы шаршы алаңға шығады. Атап айтсақ, 1/16 финалда Алуа Балқыбекова (50 келі) кениялық Нзивамен жұдырықтасса, 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаеваның шеберлігін байқайды.
Әлем біріншілігіне ел құрамасы сапында барлығы 12 спортшы аттанған.
Олар:
Назым Қызайбай (48 келі),
Алуа Балқыбекова (50 келі),
Анита Адишева (52 келі),
Жайна Шекербекова (54 келі),
Карина Ибрагимова (57 келі),
Виктория Графеева (60 келі),
Аида Әбікеева (63 келі),
Жасмин Қизатова (66 келі),
Наталья Богданова (70 келі),
Надежда Рябец (75 келі),
Гүлсая Ержан (81 келі),
Елдана Талипова (+81 келі) сынға түседі.
Естеріңізге сала кетсек, Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 9-13 наурыз аралығында өтеді. Жартылай финалдық жекпе-жектер 14 наурызға белгіленген. Финал 16 наурызда өтеді.
09 наурыз 2025 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31