СПОРТШЫЛАР ҮЗДІКТЕР САПЫНДА

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықпанұлы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
– Биыл дәстүрлі «Алтын күз» спартакиадасының ұйымдастырылып келе жатқанына 38 жыл толып отыр. Бұл жарыс ауылдық жердегі талай талантты спортшының шыңдалып, үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашты. Алғаш рет Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде өткен бұл дода қазір облыс көлемінде дәстүрге айналып, ауыл-аймақта бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін берді. Ең бастысы, жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, жігерін шыңдауға ықпал етіп келеді. Бүгінгі жарыста шын мықтылардың топ жарарына сенемін. Баршаңызды берекелі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын!, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы.
Бір аптаға жалғасатын дүбірлі додада 1000-ға жуық спортшы 16 спорт түрінен бақ сынап жатыр. Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастарылған ауқымды спорттық іс-шараға облыс аудандары мен қала командалары тартысты бәсекеге түсіп, жоғары деңгейде шеберлік көрсетуде.
БӘСІ БИІК БАЛУАНДАР
Қазақ күресі – ата-бабамыздан мұра болып қалған, халқымыздың ежелгі спорт түрі. Бұл – тек күш пен ептілікті емес, жігерді, қайсарлықты талап ететін ұлттық өнер.
Қазақ күресі – ата-бабамыздан мұра болып қалған, халқымыздың ежелгі спорт түрі. Бұл – тек күш пен ептілікті емес, жігерді, қайсарлықты талап ететін ұлттық өнер.
Жарыстың алғашқы күнінен-ақ Шиелі ауданының спортшылары жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарға ие болды. Тыңғылықты дайындықпен барған балуандар қазақ күресі бойынша қоржынға алғашқы медальдарды салып үлгерді. Осылайша, аудан командасы облыс бойынша ІІ орынды иеленді.
ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚТЫ
Ауыл спортшыларының аламанында аудан абыройын асқақтатуға барған ақмаялық спортшылардың мақсаты орындалды. Кикбоксингтен 10 салмақ бойынша сынға түстен спортшылардың бағы мен бабы қатар шауып, қоржынға алтын медальды салды. Жанкүйерлердің құрмет-қошеметіне бөленді.

Бұл үздік жетістіктің артында үлкен еңбектің жатқаны белгілі. Осы тұста, жастарды бұқаралық спортқа бейімдеп, олардың биік белестерді бағындыруына сүбелі үлес қосып келе жатқан Нұржан Пірімбетов, Қасымхан Сәдуов, Мұстафа Төлегеновтердің еңбегін ерекше айта кеткен жөн. Олар «ауыл спортын дамытуға, спортпен шұғылданатын жастардың саны мен сапасын арттыруға бар күш-жігерімізді салатын боламыз» дейді.
СҰРМЕРГЕНДЕР СЫННАН СҮРІНБЕДІ
Садақ ату – халқымыздың қанына сіңген өнер. «Садақ пен қазақ» егіз ұғымға теңеліп, ежелден бұл қару ұлтымыздың бес қаруының бірі саналған. Кешегі кеңестік кезеңде бұл қымбат мұрамыз көмескіленгенімен, қазір садақшылық өнер қайта жанданып келеді.

Облыстық спартакиадаға аудан намысын «Садақ ату» спорт түрінен қорғап барған спортшылар мергендік пен шеберліктің үлгісін көрсетті. Сұрмергендер сайысында сыннан сүрінбей, жүлделі І орынды қанжығаға байлады.
ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ТОП ЖАРДЫ
Спартакиада барысындағы ерекше спорт түрі – теңге ілу. Бұл бәсекеде шиелілік спортшылар шеберліктерін көрсетіп, көптің қолдауына ие болды. Ат үстінде еркін қозғалыс жасап, қазақи рух пен өр намыстың үлгісін көрсеткен балуандарымыз облыс бойынша аудан абыройын асқақтатып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ ауыл спортшылары арасында «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» және «Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл» мерекелеріне арналған дәстүрлі «Алтын күз – 2025» XXXVIII облыстық спартакиадасы, «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорт ойындарына іріктеу кезеңінде Жекпе-жек спорт түрінен шиелілік команда үздік деп танылып, І орынды иеленді.
Бұл – аудандағы бұқаралық спорттың жүйелі дамуының, бапкерлердің еселі еңбегінің жемісі һәм адал атқарған маңдай тер еңбектің қайтарымы. Барлық марапат мінберінен көрінген спортшыларды айтулы жеңісімен құттықтап, толағай табыс тілейміз.
М.ИБРАГИМ