Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткіздіҚазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі тұңғыш жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен бокс кешінде филиппиндік Кристиан Леганемен (6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең) қолғап түйістірді. 52,1 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жоспарланған алты раундтық жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Отандасымыз қарсыласын ауыр нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бұл — Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі. Ал оның қарсыласы Кристиан Легане екінші мәрте жеңіліп отыр. Айта кетейік, Сәкен Бибосынов — 2021 жылғы Белградтағы әлем чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионаттарында 2021 жылы қола, ал 2022 жылы күміс медаль иеленген.

20 шілде 2025 ж. 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031