ҚЫЗЫЛОРДАДА “СЫР БАРЫСЫ” АНЫҚТАЛДЫ

Балуандар бәсекесінде көрермен әртүрлі салмақтағы белдесулерден соң түйе палуандардың сайысына куә болды. 16 спортшы бақ сынаған додада ІІІ орын 18 жасар Сұлтан Бейбарыс иеленіп, “Сыр Сұңқары” атанды. Ал, ақтық айқаста Нұрым Сәлімгереев пен Мақсат Исағабылов өзара белдесіп, жеңісті Нұрым Сәлімгереев өз қанжығасына байлады. Осылайша, ІІ орын иеленген Мақсат Исағабылов “Сыр Арланы” атанса, “Сыр Барысы” атағын Нұрым Сәлімгереев иеленді. Айта кетейік, қос спортшы алдағы уақытта өтетін “Қазақстан Барысы” додасында аймақтың намысын қорғайтын болады.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі