Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “Сыр барысы” анықталды

“Сыр барысы” анықталды

Қазақ күресінен XV облыстық “Алтын белбеу” жарысы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған спорттық жарыс ел-жұртқа керемет көңіл-күй сыйлады. Сайдың тасындай іріктеліп, аудан намысын қорғап келген балуандар да жауапкершілікті сезіне білді. Бозкілемде бар өнерін салып, жеңіске деген жігер танытты. Балуандар бәсекесінде көрермен қауым әр салмақтағы белдесулерден соң түйе палуандардың бәсекесіне куә болды. 12 спортшы бақ сынаған додада Айбек Серікбаев ІІІ орын иеленіп, «Сыр сұңқары» атанды. Еламан Ерғалиев пен Мақсат Исағабыловтың ақтық сында бәсекеге түсіп, жеңісті Еламан Ерғалиев өз қанжығасына байлады. Осылайша, «Алтын белбеу » жарысының қорытындысымен 2024 жылдың «Сыр барысы» атағын Еламан Ерғалиев иеленді. Ал, күміс жүлде иегері – Мақсат Исағабылов «Сыр арланы» деп танылды. Аталған қос спортшы алда өтетін «Қазақстан барысы» додасында аймақ намысын қорғайтын болады. Барыстарымызға жеңіс тілейміз!
09 тамыз 2024 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031