Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Ол доминикандық боксшы Луис Антонио Техеданы төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтты. 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) Алматы қаласында өткен "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде жарқын жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
«Adal Promotions» промоутерлік компаниясының боксшысы Бекзат Нұрдаулетов Алматы қаласында өткен «Чемпиондар түні IBА» халықаралық кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасып, жарқын жеңіске жетті. 80 келі салмақта сынға түсетін былғары қолғап шебері доминикандық боксшы Луис Антонио Техеданы төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтты. 8 раунд бойы қарсыласын қуалап жүріп ұрған Бекзат Техеданы нокаутқа түсіре алмады. 
Айта кетейік, Бекзат Нұрдаулетов соңғы жекпе-жегінде (6-0, 2 KO) Астана қаласында өткен  "Чемпиондар түні IBА" - "Astana Arlans" турнирінде жеңіліп көрмеген ресейлік Никита Зонды (7-1-1, КО 5) ұтқан еді.  

29 сәуір 2024 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031