Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші жеңісіне жетті

Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші жеңісіне жетті

Қазақстан спортшысы Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Екатеринбург қаласында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.

ҚазАқпарат ХАА-ның хабарлауынша, Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) рингке шықты.

Жекпе-жек барысында бұған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов өз соққыларын көбірек дарытып отырды. Әсіресе, үшінші раундта қарсыласын тықсырып, жекпе-жекті ерте аяқтайтындай көрінген. Бірақ И.Баландин толық сегіз раунд бойы шыдап бақты. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс М.Нұрсұлтановқа берілді.

Осылайша Мейірім кәсіпқой бокстағы 14-інші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Мейірім бір жылдан астам уақыт бойы рингке шықпаған екен. Ол соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізген еді. Онда Қазақстан боксшысы WBC (USNBC) версиясы бойынша аймақтық АҚШ чемпионы атанған болатын.

05 желтоқсан 2020 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031