Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның ұлттық құрамалары жаңа ереже бойынша жасақталады

Қазақстанның ұлттық құрамалары жаңа ереже бойынша жасақталады



Елімізде ұлттық құрама командаларын жасақтау қағидаты өзгерді, ол үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Енді құрамаға жылдың басты республикалық және халықаралық жарыстарында 1-ден 8-ге дейін орын алған спортшылар  қабылданады.
Айта кетейік, бұған дейін құрамалар тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталған еді.
Аталған өзгеріс бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарысы, таеквондо WTF спорт түрлеріне қатысты.
Спорттық ойын түрлеріне де осы тәртіп қолданылады, бірақ негізгі және қосалқы командаларға жылдың басты республикалық және халықаралық турнирлерінде 1-ден 10-шы орынға дейін иеленген спортшылар шақырылады.
«Біз дарынды спортшылар үшін ұлттық құрама қатарына қосылу мүмкіндігін ұлғайтуымыз керек деп санаймыз. Әсіресе, болашағынан зор үміт күтетін, тәжірибелі, дарынды, жас спортшылар үшін, оның ішінде ауыл спортшылары үшін жақсы мүмкіндік. Бұл өзгерістер пайдалы болады және дұрыс бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз», деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
21 сәуір 2023 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930