Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің жеңімпаздары кімдер?

2018 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің жеңімпаздары кімдер?



Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылады. Ұлттық Спорттық Жүлде-2018 марапаттау рәсіміне танымал спортшылар мен жас чемпиондар, ел спортына еңбегі сіңген ардагерлер мен спорт саласын басқаратын тұлғалар жиналды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша, жанкүйерлер жүлде лауреаттарын тоғыз аталым бойынша Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы анықтады. Айта кетелік, биыл өтінімдер ұлттық федерациялардан қабылданып, кейін ҰОК спорт Дирекциясы 2018 жылғы Жүлде үміткерлерінің тізімін құрды. 
2018 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің жеңімпаздары:
«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Юлия Галышева
«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Дмитрий Алексанин
«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» - Елена Круглыxина
«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» - Әлия Юсупова
«Үздік жас спортшы» - Бекарыс Сәдуақас
«Жылдың үздік командасы» - Су добынан ерлер командасы
«Жыл жаңалығы» - Глеб Брусенский және Евгений Федоров
«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» - ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясы
«Үздік аймақ» - Шымкент қаласы
baq.kz
29 желтоқсан 2018 ж. 1 152 0