Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 65 спортшымыз жазғы Сурдлимпиадаға қатысады

65 спортшымыз жазғы Сурдлимпиадаға қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Бразилияның Кашиас-ду-сул қаласында жазғы Сурдалимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3500 спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынайды.
Есту мүшесі зақымданған спортшылар арасындағы олимпиадада Қазақстан атынан 65  спорттың тоғыз түрінен: үстел теннисі, жүзу, каратэ-до, таэквандо, дзюдо, жеңіл атлетика, грек-рим, еркін күрес және бадментоннан ел намысын қорғайды. 
Салтанатты іс-шарада еліміздің көк байрағын Самсунда (Түркия) өткен XXIII - жазғы Сурдлимпиаданың чемпионы, Әлем Чемпионатының және көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері, таэквондист – Аян Әбдіраш алып шықты. 
Осындай ірі халықаралық додада елімнің байрағын алып шығу маған тапсырылды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сурдлимпиадаға мен тыңғылықты дайындалдым. Бар күш-жігерімді салып өзіме артылған үмітті ақтаймын, деген ойдамын, – деді Аян Әбдіраш. 
Айта кетейік, Самсун қаласында (Түркия) өткен 23-ші Сурдлимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен (еркін күрес, грек-рим, дзюдо, таеквондо, каратэ, жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі) өнер көрсеткен болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 25-ші орынға ие болып, 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алған. 
Жиырма төртінші Сурдлимпиадада отандастарымызға мол үміт артамыз, дейді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов. 
Бұл Қазақстан құрамасы қатысып отырған алтыншы жазғы сурдлимпиада. Отандық спортшыларымыз осыған дейінгі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Бұл сында да лайықты нәтиже көрсетеді деген ойдамыз. Барша қазақстандықтарды ұлттық құрамаға жанкүйер болуға шақырамыз, –  деді Бекболат Құстүтінұлы. 
Тағы бір айта кететін жайт, сурдлимпиадалық спорт түрлерін қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қаржылай сыйақы мөлшері Олимпиада және Паралимпиадамен теңестірілген болатын. Яғни аталмыш жарыстан бірінші орын алған спортшыға 250 000, екінші орын 150 000, үшінші орын- 75 000, төртінші орын — 30 000, бесінші орын — 10 000 және алтыншы орын үшін — 5 000 АҚШ доллары беріледі. 
Жазғы сурдлимпиада мамыр айының он бесіне дейін жалғасады.
02 мамыр 2022 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031