Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақтөбеге» жол берді

«Ақтөбеге» жол берді

Ақтөбе футбол

Футболдан ел біріншілігінің 3-турында ел­ор­далық «Астана» жеңіліп қалды.

«Астана» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Ойын барысында ақтөбелік командадан Максим Самородов гол соқса, Андрия Филипович дубль жасады. Абзал Бейсебеков төпелеген соққыға 78-минутта бір голмен жауап қайтарды. Көп өтпей «Ақтөбе» ойыншысы Абылайхан Жұмабек төртінші гол соқты. Осылайша, «Астана» «Ақтөбеге» 1:4 есебімен жол берді.
Одан бөлек, қызылордалық «Қайсар» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасын қабылдады. Ойынның бірінші кезеңінде «Қайсар» сапынан Вале­рий Приндета, Горан Милойко, «Ақсу» сапынан Брай­ан, Мирас Тұрлыбек гол соқты. Қос команда тең тарқасты.
Айта кетерлігі, «Ордабасы» «Жетісуды» 2:0, «Тобыл» «Шахтерді» 2:1, «Қайрат» «Каспийді» 3:1 есебімен қапы қалдырды. 15 наурызда «Мақтаарал» мен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Қызылжар» кездеседі. Жалпы, «Ордабасы» екі тур ұпайы бойынша чемпионат көшін бастап тұр.
16 наурыз 2023 ж. 375 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 68

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031